Өскеменде ұландықтар Ата Заң күнін атап өтті

30.08.2025. Ата Заңның 30 жылдығына орай Ұлттық ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығында Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға басқарма офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты.

Ұландықтарды мерекемен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев құттықтады.

– Конституция қабылданған күннен бастап, көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Біз алғышартқа айналған құжаттың арқасында еліміздің іргесін бекітіп, дамудың жаңа кезеңіне түстік. Конституция – еліміздің үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдардың қайнар көзі. Құқықтық тәртіп әскері Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген талаптар мен міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді. Жауынгерлеріміздің Тәуелсіздік туын одан әрі биік ұстайтынына сенімдімін

деді генерал-майор.

Сондай-ақ, салтанатты шарада қызметтік міндетін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер бас қолбасшылықтың және өңірлік қолбасшылық атынан марапатталды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *