Өскеменде шай қорабына телефон тығып әкелген ер адам ұсталды

19.06.2025.Өскемен қаласындағы №17 түзеу мекемесіне ұялы телефонды алып өтпек болған ер азамат ұсталды.

Жазасын өтеушінің танысы айлаға барып, шай қорабының ішіне смартфон мен SIM-карта жасырып, түрмеге кіргізбек болған. Алайда Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығының арқасында ер азаматтың жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ.

Бір қарағанда сырты жабық шай қорабы. Алайда қолыма ұстап көргенде қорап салмағында біршама ауырлық бар екендігін аңғардым, артынша тінту барысында шай ішінен тыйым салынған заттар табылды

дейді 6699 әскери бөлімінің бақылаушылар қызметі.

Түзеу мекемесінің сәлем-сауқат бөлмесінде ұсталған Өскемен қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тыйым салынған зат әкелушіге қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды. Еске салайық, аталмыш түзеу мекемесіне байланыс құралын өткізу әрекеті ағымдағы жылдың алғашқы фактісі болып тіркеліп отыр.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

Телефон внутри чая пытались передать осужденному в Усть-Каменогорске

19.06.2025. В исправительном учреждении №17 г. Усть-Каменогорск был задержан мужчина, который пытался пронести мобильный телефон. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *