Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

10.06.2025. Абай ауданында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұл маңызды нысан – «Ауылын көріп, азаматын таны» жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл тұрғыны Сейфолла Рахымбаев өз иелігіндегі екі қабатты ғимаратты мемлекет меншігіне сыйға тартты. Құрылыстың өзге бөліктері ұлттық қор есебінен қаржыландырылуда.

Жаңа мекеме заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталады.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған. Құрылыс алаңында 6 жұмысшы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта тас тақтайшаларды төсеу, кәріз жүйесін тарту, ғимараттың сыртқы қаптамасын орнату және аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *