Семейде 103 жастағы ардагерді құттықтады

06.05.2025. 2025 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің командирі, полковник Айбек Әскерұлы Исенов және өзара іс-қимылдағы әскери күш құрылымдарының өкілдері Семей қаласында тұратын 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Абдығали Қаймолдинге арнайы барып, құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында ардагерге Отан алдындағы ерлік пен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтылып, ыстық ықылас пен ізгі тілектер жолданды. Әскери қызметшілер ардагерге арнайы сый-сияпат табыстап, ұзақ ғұмыр, денсаулық пен амандық тіледі.

Бұл кездесудің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерлігін жас ұрпақтың есінде мәңгілік сақтау және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту болып табылады.

Abai.Media

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *