Шығыста ұландықтар «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдірді

22.04.2025. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экологиялық шаралар жүзеге асуда.

Айталық, 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Өскемен қаласындағы «Жеңіс» мемориалдық кешеніне тазалық жұмыстарын жүргізді. Қырыққа жуық әскери қызметші мемориалға қарасты аумақты тазартып, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына білек сыбана кірісті.
Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық акция аясында әскери қалашық ауласын тазартып, сарғайған жапырақтар мен қоқыс заттарды жинап, әскери нысан аумағын қалыпқа келтірді. Сонымен қатар, әскери бөлімге іргелес жатқан аумақтарда ұландықтар назарынан тыс қалмады.

— Аталмыш акция аясында жұмыс қызу жүріп жатыр. Тырмалармен, күректермен және көтеріңкі көңіл-күймен қаруланған әскери қызметшілер аумақты былтырғы жапырақтардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, көгалдарды қопсытуда. Дәстүрге айналған жас көшеттерді отырғызу әскери бөлім аумағында да, оның сыртында да жүргізілді. Жеке құрам мұндай іс-шараларға үлкен ынтамен қарайды

дейді 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі майор Нұрбек Жукубаев.

Әскери қызметшілердің айтуынша, ел көлемінде өтіп жатқан акция табиғатты таза ұстап, аялаумен қатар, патриоттық сипатқа да ие. Сондай-ақ тазалыққа бағытталған шара қоғамның барлық топтарын біріктіреді. Әрбір әскери қызметшіге аумақты көгалдандыру үшін белгілі бір аумақ бекітілген. Бұл міндеттерді орындай отырып, ұландықтар жас ұрпақ өкілдеріне туып-өскен өңірге құрмет танытып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырады. Тазалық акцияларын өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етпек.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

Гвардейцы на востоке страны поддержали акцию «Таза Қазақстан»

22.04.2025. Военнослужащие воинской части 5518 регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии приняли участие в республиканской экологической …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *