Облыс әкімі Қытай инвесторларымен кездесті

22.04.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті.
Қытайдың «Zhongcai Financial Holdings Investment Co» инвестициялық компаниясы өкілдері аймақ басшысына жобаларын таныстырды.

Олар Мақаншы ауданындағы Бақты ауылы маңында бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі — халықаралық логистикалық парк. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін, ауыр жүк көліктерін құрастыратын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасайтын әрі сақтайтын өндіріс орындары орналасатын болады.

2025-2027 жылдар аралығын қамтитын, үш кезеңнен тұратын жобаның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Кездесуде қытайлық тараптан орталық Азиядағы ең ірі ДАТА орталығын ашу жөнінде ұсыныс айтылды. «Аягөз-Тэчен» темір жол жобасы жүзеге асқан уақытта жоғарыда аталған инвнстициялық жобалар облыс экономикасының артуына елеулі үлес қосатын болады.

Облыс әкімі инвесторлар ұсынған жобалардың барлығы өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

Бүгінгі кездесуде таныстырылған жобаларды, айтылған ұсыныстарды қолдаймыз. Өңір үшін өте қажет жобалар. Бұл — біздің облыс үшін үлкен инвестиция. Жоба жүзеге асқанда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Біз сіздерді барлық жағынан қолдауға дайынбыз. Кәсіпкерлік басқармасына, Мақаншы ауданының әкіміне инвесторлардың жоспарлап отырған жобаларын кедергісіз іске асыруы үшін олармен бірлесе жұмыс істеп, жан жақты қолдау көрсетуді тапсырамын,

деді аймақ басшысы

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Гвардейцы на востоке страны поддержали акцию «Таза Қазақстан»

22.04.2025. Военнослужащие воинской части 5518 регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии приняли участие в республиканской экологической …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *