Семейдегі әскери бөлімді ашық есік күні өтті

17.04.2025. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5511 әскери бөлімі Семей қаласының оқушыларына арнап ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара мақсаты — жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру.

Ұлы Жеңістің сексен жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды.

№6 гимназиясының оқушысы Аружанды қызықтырған броньді кеудеше. Ол аталмыш арнайы қорғаныс костюмін киіп, өзін бір сәтке минасыздандыру саласының маманы ретінде сезініп көрді. Мектеп оқушысы күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етті. Білім алушылар ашық есік күні аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысты.

— Ашық есік күні менің бүгінгі күніме зор қуаныш сыйлады. Себебі отанқорғау саласында табанды қызмет етіп жүрген жауынгерлердің күнделікті әскери өмірін тамашалау мен үшін аса қызығушылық туғызды. Кешегі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздардай алдағы уақытта Отанымды қызғыш құстай қорғаймын

дейді №6 гимназиясының оқушысы Аружан Мүбәракова

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *