17.04.2025. Бородулиха ауданында көктемгі дала жұмыстары басталды. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті егіс науқаны биыл да ерекше назарда.
Ауа райының жағдайын ескере отырып, көктемгі егін жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Сәуір айының өзінде-ақ 164.3 мың гектар алқаптың топырағы ылғал ұстап қалу үшін өңделген.
Бұған дейін күзгі кезеңде 209 мың гектар алқап өңделіп, 6 054 гектар жерге күздік дақылдар себілген. 2025 жылға арналған өндірістік бағдарлама аясында 230 мың гектар жердің топырағын ылғал сақтау мақсатында өңдеу, 100 мың гектарда көктемгі жер жырту және 315 мың гектарда егіс алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қазіргі таңда ауданда жалпы 326 мың гектар жерге егін егу көзделіп отыр. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 150,9 мың гектарды, майлы дақылдар 163 мың гектарды, ал мал азығына арналған дақылдар 15 мың гектарды құрайды.
Егіс науқанына 1 700-ден астам техника, 2 100-ден астам ауыл шаруашылығы құралдары тартылған. Жұмысқа тұрақты және маусымдық негізде барлығы 2 752 адам жұмылдырылған.Қазір тұқым дайындау жұмыстары жүріп жатыр. 18,7 мың тонна тұқымның 10,1 мың тоннасы зертханалық тексеруден өткен.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ