30217 әскери бөлімінде алдын-алу шарасы өтті

10.04.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру аясында алдын алу шарасы өтті.

Шараны өткізуге әскери полиция қызметкерлері, Абай облысының дін мәселелерін зерттеу маманы, қоғам белсенділері атсалысты.

Профилактикалық шараны жүргізу барысында әскери полиция органдарының қызметкері подполковник Бибитхан Асылханов Қарулы күштердің 2025 жылғы талдауын жеткізіп, нормативті-құқықтық актілердегі жаңашылдықтары таныстырды. Сонымен қатар әскер қатарында болған оқиғалар бойынша талдауларын түсіндіріп, заңдылық тәртіптің басымдылығын жеткізді.

 Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Асель Кусембекова елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан амалдарды жеткізді. Сонымен қатар әскери қызметін өткеру кезінде және де радикалды көзқарастардың әскери бөлім аумағында жол бермеу үшін қолданылатын шаралар мен тойтарыс беру тәсілдері пысықтады, сарбаздарға түсіндірме бейнероликтері көрсетілді.

Шара соңында әскери қызметшілер алдын – алу мәселелері бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Абай өңірлік гарнизоны баспасөз қызметі  

Check Also

В Усть-Каменогорске гвардейцы встретились с известным писателем

16.04.2025. Гвардейцы воинской части 5518 регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии смогли пообщаться с известным восточноказахстанским …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *