26 жобаны іске асыру облыс халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етеді

28.03.2025. Атаулы жобалар тек облыс аудандарында ғана емес, сонымен қатар әкімшілік орталық – Семей қаласының бірнеше ауданында су құбыры желілерін ұйымдастыруды қамтиды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов мәлімдеді.

– Биыл Абай облысында су жеткізу бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға қаражат қарастырылған. Жоспарланған жобалардың 15-і 2024 жылдан өтпелі. Олардың қатарында Бобровка және Березовский кенттерін, сондай-ақ Глуховка, Егінсу, Қызылту және басқа да ауылдарды су құбыры желілерімен қамтамасыз ету қарастырылған

деп атап өтті спикер

Басқарма басшысының айтуынша, өтпелі жобалардан бөлек, облыста су құбыры желілерін ұйымдастыру бойынша 11 жаңа жоба қолдау тапты. Олардың 8-і Семей қаласында жүзеге асырылмақ.

Жалпы, 26 жобаны жүзеге асыру 28 511 адамды қамтып, өңір халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

https://t.me/rsk_abay

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *