Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

12.03.2025. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Abay.Media.

Жиында өңірде күннің жылынуына байланысты болуы мүмкін су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды. Соңғы күндері облыстың кейбір аудандарында қар толассыз жауып, көлемі анағұрлым артқан. Әкім орынбасары барлық құзырлы орындарға бақылауды және дайындықты күшейтуді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар тасқын қаупі бар аймақтарға алдын ала қосымша көмек жіберу үшін арнайы техника мен мамандардың дайын болуын ескертті.

Abay.Media

Check Also

В области Абай продолжаются работы по вывозу снега и откачке талых вод

10.03.2026. По поручению акима области Абай Берика Уали в регионе системно проводятся работы по вывозу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *