Абай облысының оқушылары «WORLDSKILLS LYON 2024» байқауында бақ сынайды

Лион қаласында (Франция) 47-ші Дүниежүзілік кәсіби шеберлік чемпионаты – WorldSkills Lyon 2024 өтеді. Қазақстан бойынша Абай облысынан жарысқа төрт құзыреттіліктен ең көп қатысушы аттанды.

Еліміздің оқушылары 30 бағыт бойынша бақ сынайды. Абай облысы атынан Бизнес және сервис колледжінің студенті Гүлфия Жақиянова «Кондитерлік іс» құзыреті бойынша өнер көрсетеді. Геодезия, картография және құрылыс колледжінің студенті Нұралы Құмарбеков «Кірпіш қалау» құзыреті бойынша қатысады. Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері Тимур Бабенко мен Елнар Жуасбаев «Мобильді робототехника» құзыретінде медаль үшін күреседі. Сонымен қатар Дастан Талғатов «Ақпараттық кабельдік желілер» бағыты бойынша облыс намысын қорғайды.

Чемпионатқа Абай облысының сарапшылары да төреші ретінде қатыспақ.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Абай облысының командасы Қазақстан бойынша WorldSkills ұлттық чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген еді.

Check Also

Абай облысында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам ауыл тұрғынына айыппұл салынды

Абай облысында жыл басынан бері иесіз малдардың қатысуымен 168 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *