Сотталғандарға есірткі лақтырмақ болған

21.02.2025. Ұлттық ұландықтар құқық бұзушыны ұстады.

Бүгін, 21 ақпан, түнгі 03:30 шамасында Шемонаиха қаласындағы №18 түзеу мекемесінің учаскесі маңында күдікті азамат ұсталды. 5511 әскери бөлімінің бейнебақылау операторы мен кезекші бақылаушысы күзетілетін аумаққа жақын жерде жүрген ер адамды байқап қалады.

Оқиға орнына 5511 әскери бөлімнің кинологиялық қызмет бойынша қарауыл бастығының көмекшісі, сондай-ақ Шемонаиха ауданының полиция бөлімі мен мекеменің жедел-режимдік бөлімінің қызметкерлері дереу жетіп, 1998 жылы туған, Абай облысының тумасы азамат Б. ұстайды.
Тінту барысында оның қолынан қызыл түсті полиэтилен пакет ішінде жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 12 скотчпен оралған бума табылды.

Тергеу жүргізу және процессуалдық құжаттарды рәсімдеу үшін оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

ҰҰ «Шығыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Check Also

Обсуждены актуальные проблемы области Абай

25.04.2025. Сегодня в Семее состоялся совет, посвященный социально-экономическому развитию Абайской, Павлодарской и Восточно-Казахстанской областей. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *