Кәсіпкерлер тәжірибе алмасуда

14.02.2025. Абай облысының бір топ кәсіпкерлері Татарстанда жүр. 3 күндік сапар аясында жерлестеріміз алдыңғы қатарлы ет және сүт өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасады, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Бұл сапарымыз Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында мүмкін болып отыр. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын татарстандық делегация біздің облысымызға келіп қайтқан. Біз бұл жолы ауылшаруашылығы саласының ең үздік шаруашылықтарында болып, олардағы озық технологиялармен танысамыз. Сол арқылы өзіміздегі ет, сүт өндірісіне жаңашылдық енгізуді көздейміз

дейді облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.

Татарстан Ресей нарығын ет пен сүтпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарға шығып отырған өңір. Өнім сапасын жақсарту мен ауылшаруашылығын цифрландыруда жаңалықтары көп.

Абай облысының делегациясы Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың қатысуымен өткен ауқымды көрмені де тамашалады. Көрмеде Татарстанның 2024 жылы ауылшаруашылығында жеткен жетістіктері көрсетіліп, 2025 жылғы жоспарлары талқыланды. Делегация құрамында барған арасында ет, сүт өңдеу зауыттарын, сүт-тауарлы фермасын ашуға, балық шаруашылығын өркендетуге ниетті кәсіпкерлеріміз бар.

Abay.Semey.press

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *