Семейде мектеп оқушыларымен ерлік сабағы өтті

12.02.2025. Семей қаласының №22 мектеп лицейінің оқушыларына арналған ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағын Абай гарнизонының 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткізді.

Мектеп оқушыларына Қарулы күштердің, қару-жарақ түрлерімен, әскерилердің киім үлгілерімен және әртүрлі жаттығуларға арналған құрал жабдықтармен таныстырылды.

Мектептің акт залында жас қонақтарға «Жас сарбаз» жастар қозғалысы қатарына қосылу, әскери оқу орындарына түсудің тәртібі мен Қарулы күштердің құрылу тарихы туралы фильмдер көрсетілді.

Сондай-ақ оқушыларға мерзімді әскери қызметтерін өтеушілер мен міндеттерін өтегеннен кейінгі сарбаздарға мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер туралы түсіндіріп өтті.

Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметшілердің өткізген шараларына тәнті болды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі 

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *