Мақаншыдан жәрмеңке келді

08.02.2025. Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды Abay.Semey.press

Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген.

Біз Семей тұрғындарының сұранысын ескере отырып, жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 7 сиыр, 5 бас қой етін, табиғи қоспасыз 20 литр сүт, 20 литр қаймақ, 20 келі май, 20 келі ірімшік әкелдік. Омарташылардың 70 келі балын сатылымға шығардық. Алакөлдің 90 келі балығы мен 50 келі нан өнімдерін сөреге қойып отырмыз, —

дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин.

Бұдан бөлек көкөністерден 210 келі сәбіз, 1050 келі картоп, 260 келі қырыққабат, 180 келі пиязды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудалады.

Мақаншылықтар жәрмеңкені нағыз мерекеге айналдырып жібергендей. «Северный» сауда-логистикалық орталығының ауласына киіз үй тігіп, жәрмеңкеге келушілерге дастархан жайылды. Аудан жастары жәрмеңкешілерге ыстық шәй мен бауырсақ таратып, Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы семейліктердің көңілін көтерді.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мұндай жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *