Сала мамандары марапатталды

27.01.2025. Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құрылған күні аталып өтілді. Атаулы күнге орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сала мамандарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

2017 жылдың 26 қаңтарында Қорғаныс министірінің бұйрығымен құрылған бұл қызмет түрі әскери қызметшілердің отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, рухани-адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс жүргізеді.

Шарада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова нәзік жандылар қызмет атқаратын сала қызметкерлеріне гүл шоқтарымен мақтау қағаздарын табыс етті. Жиын соңында құттықтау сөз сөйлеп, алдағы атқаратын қызметтеріне табыстар тіледі.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *