Үржар ауданында қар тазалау жұмысы жүргізілуде

23.01.2025. Үржар ауданында қыс мезгілінде жол қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін қардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Ауданының автомобиль жолдары мен елді-мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 690,2 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдары 288, елді-мекен көшелері 402,2 шақырым.
Аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдары және елді-мекен көшелерін қысқы күтіп ұстауға қаржы бөлініп, жұмыс жүйелі атқарылуда.

Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында жыл соңына дейін мердігерлермен келісімшарт жасалды. Қардан тазалауға 70-тен астам арнайы техника және 84 адам жұмылдырылған.

Abay.Semey.press

Check Also

В области Абай обсудили ход осенней уборочной кампании

07.09.2026. Abai.Media. Сегодня под председательством акима области Берика Уали состоялось расширенное аппаратное совещание. На заседании …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *