Абай облысының полициясы автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

20.01.2025. Мақаншы ауданында Абай облысы полиция қызметкерлері «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті ұрлаған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді. Көлік 26 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болып, үйінің алдында тұрған, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік табылып, 38 жастағы Мақаншы ауылының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты көлік құралын заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу кезінде оған келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Абай облысының полициясы азаматтарға автокөлік ұрлығының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертеді.

Abay.Semey.press

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *