Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы авариялық жағдай туралы ақпарат

17.01.2025. 2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Оқиға орнына «Семей Водоканал» МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында орын алған.

Аварияны жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды.

2025 жылы 17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) су қосылмады.

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Abay.Semey.press

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *