2024 жылы Абай облысы бойынша 694 аңшылық қару тексеруден өтті

10.02.2025. Абай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы баллистикалық сараптама бойынша маңызды жұмыстарын жалғастыруда. Баллистикалық сараптама – криминалистиканың ең жоғары және күрделі бағыттарының бірі. Бұл деңгейге тәжірибе және ұзақ жылдық машықтану арқылы қол жеткізіледі, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Қаруды бақылау үшін атумен оқ-дәрілердің үлгілері жинақталып, олар оқ-гильза қорына енгізіледі. Бұл жоғалған немесе ұрланған қаруды іздестіруде, сондай-ақ, қару қолданылған қылмыстарды ашуда маңызды құрал болып табылады.

2024 жылы Абай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы 694 нарездік аңшылық қаруды тексеруден өткізді.

Қаруды есепке алу және бақылау жұмыстары жалғасуда, бұл қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мен қылмыстарды ашуға ықпал етеді.

Abay.Semey.press

Check Also

Бронирование талонов единой электронной очереди по стране

05.10.2026. Abai.Media. В рамках Года цифровизации Государственная корпорация «Правительство для граждан» продолжает работу по внедрению …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *