Ақсуатта жарық шамдары ауыстырылды

06.01.2025. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді жарықтандыру жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Атап айтқанда, ескіріп, істен шыққан жарық шамдар электр энергиясын үнемдейтін жарықдиотты шамдарға ауыстырылып жатыр.

Аудан әкімі Ерсін Ескендіровтің тапсырмасына орай Omarket.kz платформасы арқылы Қарағанды қаласынан 200 дана GEMERO-50 жарықшамдары сатып алынды. Ақсуат ауылындағы Бөрітастаған, Жаңаауыл, Ет комбинаты мөлтек аудандарындағы көшелерде ауыстырылды.

Тұрғындарға кешкі мезгілде қолайлы жағдай жасау үшін көшелерді жарықтандыру аудан көлемінде қолға алынуда. Алдағы уақытта ауданға қарасты елді-мекендерде жанып кеткен диодты жарықшамдарды ауыстыру жұмысы жалғаспақ.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *