Абай облысында Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті

05.01.2025. 2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Abay.Semey.press

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *