31.12.2024. Полиция қызметкерлері республикалық «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану мен сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтер өткізуде.
Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мәселесі өзекті болып отыр. Іс-шара барысында қызметкерлер рұқсатсыз, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті тауарларды сатқан 50 кәсіпкердің заңсыз әрекетін тоқтатты.
Іс-шараның нәтижелері көрсетіп отырғандай, 52 адам жауапқа тартылды: олардың 50-і заңсыз сауда жасағаны үшін, ал 2-еуі пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзғаны үшін. Тексеру барысында 300 дана контрафактілік өнім тәркіленді.
Абай облысының полиция департаменті күмәнді сатушылардан пиротехникалық бұйымдарды сатып алу немесе оларды рұқсатсыз пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.