Абай облысының бірнеше ауылында медициналық пунктер ашылды

28.12.2024. Облысымызға қарасты Абай ауданының Медеу, Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі, Мақаншы ауданының Бекет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Жаңа амбулаториялар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.

Айта кетерлігі, барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар.

Жаңа медициналық пункттер заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.

Abay.Semey.press

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *