Мирный және Дальняя кентіндегі арықтарды тексерді

28.12.2024. Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен және қалалық ТЖБ өкілдерінің қатысуымен Мирный және Дальняя елді мекендеріндегі арық-науа жүйесінің жағдайын тексеру мақсатында көшпелі жұмыс кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Көшпелі кеңес барысында арық жүйелерінің ең проблемалы учаскелері зерттеліп, қалалық ТКШ бөлімі мен қызмет көрсетуші мердігер ұйымға осы жүйелердің сапасын жақсарту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алдағы 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде тасқын сулардың қаупін азайту мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тапсырылды.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *