Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

27.12.2024. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңіріміздегі БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесу еркін форматта өтіп, ашық диалог орнады. Аймақта атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында БАҚ өкілдері облысымыздағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты тақырыптарды қозғап, тұрғындарды толғандырған мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы қойылған сауалдарға жауап беріп, БАҚ қоғам мен билік арасындағы алтын көпір екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, әкім журналистердің кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, алдағы жаңа жылда шығармашылық табыс тіледі.

Abay.Semey.press

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *