20.12.2024. Осы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің саны 54 380 құраса, оларда 103 952 адам жұмыс жасайды екен. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді.
— Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда айналым көлемі 336 млрд теңгеге жетіп, оның өсімі өткен жылмен салыстарғанда 9%-ға ұлғайды
деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Рүстем Ворошилов Абай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,3 %-ды құрағандығын атап өтті.
— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін магазиндерден, базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды қарайтын 252 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2022 жылы Үкімет резервінен өңірлік тұрақтандыру қорын жасау үшін 2 млрд теңге бөлінді. Соның 1,3 млрд теңгесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына форвардтық шарттар жасалды
деп атады спикер.
Ағымдағы жылы облыстағы өнеркәсіп орындары 1,8 трлн теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарған. Бұл Республикалық өндіріс көлемінде 4 % құрап, былтырғы жылғы қаңтар-қараша ай аралағындағы деңгейіне қарағанда 100,2 % деп бағаланыпты.
— Облыстың өнеркәсіп өндіріс құрылымында ең үлкен үлес салмағы (69,2%) тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға тиесілі. Осы жылы өңдеу өнеркәсібі қаңтар-қарашада 495 млрд теңгеге өнім өндірді. Өткен жыдмен салыстырғанда 98 %-ды құрады. Машина жасауда 16 %, тамақ өнімдерін өндіруде 4 % көбею байқалды.
деп қорытындылады Рүстем Ворошилов