Абай облысы бойынша 5307 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Ағымдағы жылы облыста 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында «Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Тұрсын Еркебұлан баяндады.

— Облыс бойынша 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. Оның ішінде 6312 адамды тұрақты жұмыс орнына, 5871 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру ойластырылмақ.
Сонымен қатар жұмыс берушінің өтініміне сәйкес 276 адамды кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланған, — деп атап өтті Тұрсын Еркебұлан.

Билғы жылдың қыркүйек айынан бастап облыс бойынша 5307 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 6115 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан.

— Айта өтсек, халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттар бөлінді. Жалпы оған 700 ден астам адам өтінім беріп, 200 ден астам адам грант иеленді. Бүгінде грант қаражатын мақсатты пайдалану бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында 91 кәсіпкерге мониторинг жасалды, — деді орталық директоры.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері 200 адам кәсіптік оқытуға жолданып, 79 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, жұмыспен қамту бойынша жыл басынан бері 112 бос орындар жәрмеңкесі өткен. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 52 адам түйіндеме қалдырып, 8 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «Tanda.enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Check Also

Абай облысында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам ауыл тұрғынына айыппұл салынды

Абай облысында жыл басынан бері иесіз малдардың қатысуымен 168 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *