«Алабұға» экономикалық аймағы: инвесторларға жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер

10.11.2024. Абай облысынан келген делегация 2006 жылы құрылған «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында болып, инвесторларға жасалып жатқан жағдаймен, ондағы мүмкіндіктермен танысты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл аймақ толық дайын өндірістік, инженерлік, көліктік және кедендік инфрақұрылымды, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсынады.

Құрылыс алаңдары 2000 гектар аумақты алып жатыр. Барлық қажетті коммуникациялармен, жолдармен және инженерлік желілермен қамтамасыз етілген учаскелер делегация мүшелерін таң қалдырды. Резиденттердің өз нысандары орналасқан жер телімдерін ғимараттар пайдалануға берілгеннен кейін сатып алуға мүмкіндігі бар.

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация мүшелері салық салудың қолайлы шарттарымен танысып, соның ішінде резиденттерді мүлік, жер және көлік салығын төлеуден 10 жылға босату туралы білді.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған «Үш аю» саяжай қоғамдастығы мен 64 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Сондай-ақ олар бейнебақылау жүйесі орнатылған күзетілетін аумақтың бар екенін атап өтті.

Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік беретін Alabuga International School білім беру жүйесі де делегаттардың назарын аударды.

Abay.Semey.press

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *