Абай облысының делегациясы Қазан қаласындағы «Химград» инновациялық индустриялық паркінде болды

08.11.2024. Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы инновациялық индустриялық парк – «Химград» технополисінде болды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл заманауи индустриялық парк Қазанның солтүстік-батыс бөлігіндегі «Волга» федералды тас жолының кіре берісінде орналасқан. 131 гектар аумақты алып жатыр, ал ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден асады.

«Химград» шағын көлемді химия, полимерлерді өңдеу, нанотехнологиялар, энергияны үнемдейтін технологиялар, ресурстарды үнемдеу, медициналық әзірлемелер сияқты инновациялық салаларда табысты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен
танымал.

Осы көпсалалы қызметтің арқасында парк аймақтың экономикасы мен технологиялық дамуында маңызды рөл атқарады. Мұнда резиденттерге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік мол.

Сапар барысында Абай облысынан келген делегация технопарктегі озық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеді. Екі жақты ынтымақтастықты дамыту мен инновациялармен алмасудың болашағын талқылады. Делегация мүшелері Қазақстанда бизнес пен өнеркәсіптің тұрақты дамуы үшін осындай озық технологияларды интеграциялаудың маңызын атап өтті.

«Химград» технопаркінің жұмысымен танысу екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға, Қазақстан мен Татарстан арасындағы технология және кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Abay.Semey.press

Check Also

Военнослужащие перешли на единую полевую форму одежды

13.11.2024. В Вооруженных Силах проходят строевые смотры личного состава, перешедшего на новые образцы зимней полевой …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *