Абай облысының 3 балуаны Қазақстан чемпионы атанды

12.03.2026. Abai.Media. 9–10 наурыз күндері Тараз қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер (U15) арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысты. Байрақты бәсекеде Абай облысының құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының үш бірдей спортшысы өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Атап айтқанда, Нұралы Амангелді (44 келі), Ералы Мұратов (85 келі), ал Талғат Нұрмұхаммед (85 келіден жоғары) топ жарды.

Спортшылардың табысты өнер көрсетуінің нәтижесінде Абай облысының командасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

14 қылмыстық топ және жүздеген эпизод: Абай облысының полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтті

12.03.2026. Abai.Media. Қоғамның жедел цифрлануы аясында интернет-алаяқтық ең жылдам тарайтын қылмыс түрлердің бірі болып отыр. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *