2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болмақ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады.

Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14 шілдедегі жаңазаңның қабылдануымен Денсаулық сақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшіру көзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектің көлемін МӘМС жүйесіне кезең-кезеңмен интеграциялау болып табылады.

Бұдан бөлек, ауыраурулардыуақытылыанықтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімді лігі нарттыруға бағытталған маңызд ыөзгерістерде қарастырылған.

«Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне, оныңіш інде онкологиялық скринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүтбезі обыры, колоректальдықатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы,г лаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала диагностикалау қызметтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингтер барысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы  аурулардыанықтап, олардың одан таралуына жол бермеуі мүмкін»,–деді ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары СәулеТәжібаева.

Сондай-ақ, ол заң шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенін атап өтті. Қазір ТМККК-да диагноз қою үшін медициналық қызметтер АИТВ және туберкулезге күдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда пациенттер диагноз қою және әлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек. Содан соң ғана пациенттер ТМККК шеңберінде ем ала алады. Осылайша, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ерте диагностика қолжетімді болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі

Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/

Youtube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz

Telegram-каналhttps://t.me/medsaqtandyru

Facebook – https://www.facebook.com/msqory/

Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *