Өскеменде сарбаздар адасқан баланы тауып, ата-анасына жеткізді

21.11.2025. Өскеменде №5518 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жылдам әрекетінің арқасында адасып қалған баланы аман-есен тапты.

Оқиға кешкі сағат 20:25 шамасында орын алды. Әскери жасаққа шамамен 5–6 жастағы баланың ата-анасынан адасып қалғаны туралы хабар түскен. Қолында нақты мекенжайы да, ата-анасының кім екені туралы мәлімет те болмаған. Қысқы киім киген бала қатты тоңбаса да, қорқып қалғаны байқалған.

Әскери қызметкерлер дереу іздеу шараларын бастап, бірнеше аумақты түгел тексерді. Нәтижесінде бала Бульвар Гагарина 1/1 мекенжайының маңынан табылды. Денсаулығы жақсы болған бүлдіршін сол жерде заңды өкілдеріне аман-есен тапсырылды.

“Шығыс”өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *