Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

14.11.2025. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары сәбилеріне көбіне Абай, Ислам, Әмина және Жасмин есімдерін берген.

Аталған кезеңде өңірде 6000-нан астам бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға артық. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер – Алина мен Жасмин болса, ұл балалар арасында – Абай мен Ислам есімдері көш бастап тұр. Әрбір есім жиырмадан астам рет тіркелген.

Айта кетсек, нәрестенің тууын тіркеуге өтінімді бірнеше тәсілмен беруге болады: халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы. Сондай-ақ, бұл қызметті проактивті форматта да алуға мүмкіндік бар. Яғни, босанған анаға бір тәулік ішінде 1414 нөмірінен құттықтау SMS-хабарлама келіп, онда қызметті алу үшін қажетті ақпарат кезең-кезеңімен сұралады.

Abai.Media

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *