Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Өскемендегі әскери бөлімдерді тексерді

23.10.2025. Орталықтың оқу бағдарламасында тактикалық дайындық, төтенше жағдайларды жою, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолдану, физикалық және компьютерлік қауіпсіздік жүйелерін меңгеру,  радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау дайындығын жетілдіру мәселелері қамтылған.


Бас қолбасшы тәжірибелік сабақ өткізуге арналған орындарды көрді. Дағдарысқа қарсы оқу орталығының қызметкерлері қазіргі заманғы дрон және антидрон жүйелерін үйрету әдістемелерімен таныстырды.

Бұдан бөлек А. Балтабеков «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерді аралады.

Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жедел мақсаттағы 5518 әскери бөлімінің,
Мемлекеттік маңызды нысандарды күзететін 3477 әскери бөлімі
командатураларының қызмет барысын тексерді.

Сондай-ақ түзеу мекемелерін күзететін 6699 әскери бөлімінің тыныс-тішілігімен танысты.

Әр әскери бөлімнің жағдайымен танысқан соң, генерал-майор Аңсаған Балтабеков өңірлік қолбасшылыққа қызметті ұйымдастыру ісін одан әрі жетілдіруді, оның қауіпсіздігі мен сапасын заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *