Аягөз ауданының Майлин ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды

24.09.205. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрт сөндіру бекетінде 1 өрт сөндіру көлігі, 1 жүргізуші және 3 қызметкер жұмыс істейді.

Майлин ауылдық округі Аягөз қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 2025 жылғы ресми мәлімет бойынша округте 592 адам тұрады. Елді мекеннің негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Қазіргі таңда округ аумағында 48 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Аталған бастама ауылдық округ тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, жергілікті шаруашылықтардың тұрақты дамуына да оң ықпал етпек.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

График работы ЦОНов и спецЦОНов в праздничные дни марта

06.03.2026. Госкорпорация «Правительство для граждан» сообщает о графике работы ЦОНов и спецЦОНов в период празднования …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *