«Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасының іске асырылу барысы талқыланды

31.08.2025. Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен China Communications Construction Company президенті Чжан Биннан мырзаның кездесуі өтті. Келіссөздер аясында тараптар «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Жұмылдыру қарқынын арттыру, қосымша ресурстарды тарту , сондай-ақ жұмыстарды тиімді жүргізу үшін жұмысшылардың орналасқан жерлерін жедел жайластыру қажеттілігі атап өтілді. Қытай тарапы жер жұмыстарын жобалау және жүргізу бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде жандандыру міндеттемелерін қабылдады.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңызға ие. Құрылысты 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. ҚТЖ және Абай облысының басшылығы тарапынан жобаны жан-жақты қолдау қамтамасыз етіледі.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *