1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 55511 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті

02.06.2025. Іс-шара Абай облыстық мәслихаты мен «Аманат» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мерекеге әскери қызметшілердің балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Олар үшін нағыз мерекелік бағдарлама әзірленді: балаларға тегін қызғылт балмұздақ, шырындар мен әскердің дәстүрлі ботқасы таратылды. Аквагрим мен акварель суретшілері балалардың беттеріне түрлі суреттер салып, портреттерін салды. Аниматорлар қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырып, қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, кинологтар қызметтік итпен бірге жаттығу элементтерін көрсетті. Қонақтар әскери қару-жарақтың, техника мен әскери қызметшілердің киім-кешегінің көрмесін тамашалады. Кез келген адам қару-жарақты ұстап көруге және әскери техниканың жанында естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.

Мерекенің көркін әскери оркестр кіргізді – олар патриоттық және балаларға арналған танымал әндерді орындады.

Іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, армия мен қоғам арасындағы байланысты нығайту және балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлау.

Abai.Media

Check Also

Прошло 9 лет с момента теракта на воинскую часть Национальной гвардии в Актобе

05.06.2025. Подвиг не забыт: в бригаде Нацональной гвардии города Семей почтили память павших солдат. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *