Семейлік оқушылар әскери бөлімде болды

28.05.2025. Семей қаласының №18, 19, 21, 41, 42, 48 жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушыларына арналған жиынның бір күні  31767 әскери бөлімінің аумағында өтті. Әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысуға 60-тан астам оқушылар қатысты. Олар бұл жиыннан мол сабақ алып, мамандық таңдау маңызды іс екенін ұғынды.

Бес күндік жиынның негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің мәртебесін арттыру, оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Шара барысында 31767 әскери бөлімінің сержанттар құрамы оқушылармен жауынгерлік даярлық барысындағы өткізілетін тәжірибелік сабақтар жүргізді. Атап айтсақ, саптық дайындық, АК-74 автоматын шашып-жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану сынды бірқатар әскери дайындық бойынша сабақтарға қатысты.

Болашақ отан қорғаушыларды мектеп кезінен тәрбиелеу – ол жалпыға ортақ міндет. Осындай өзара ұйымдастырылған шаралар арқасында оқушылар әскердегі тәртіп пен жауапкершіліктің атмосферасын сезінеді

дейді 31767 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Дамир Исаков.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі  

Check Also

1 июня в честь Дня защиты детей в воинской части 5511 Национальной гвардии Республики Казахстан прошёл праздничный День открытых дверей

02.06.2025. Мероприятие состоялось при поддержке маслихата Абайской области и партии «Аманат». В празднике приняли участие …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *