Абай облысының екі боксшысы Азия чемпионы атанды

23.05.2025. Абай облысының спортшылары халықаралық деңгейдегі сайыста топ жарды.

Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионатында облысымыздың қос аруы – Жанель Имантаева мен Ақнұр Тұрсынғали алтын медаль жеңіп алды.

Жарысқа Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы қатысты. Жанель Имантаева 54 келі, ал Ақнұр Тұрсынғали 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда қарсыластарын сенімді түрде жеңді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *