5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығына арналған марафонға қатысты

30.04.2025 жылғы 29 сәуірде 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 10 шақырымдық марафонға қатысты.

Аталған іс-шара — батырларымыздың ерлігін еске алып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Жүгіру барысында әскери қызметшілер жоғары дене даярлығын, тәртіп пен ұйымшылдықты көрсетті.

Бөлім басшылығы мұндай іс-шаралардың әскери рухты нығайтып, жас сарбаздардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті. Патриоттық бағыттағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Abai.Media

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *