5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еске алу жұмыстарын жүргізді

25.04.2025. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұрыс даласында жарақат алып, әскери госпитальда қаза тапқан жауынгерлердің зираттарында тазалау және жинастыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Abai.Media.

Бұл шара — майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, олардың рухына құрмет көрсетудің жарқын көрінісі. Әскери бөлім қызметкерлері зират маңын тазалап, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен қаза тапқан ерлерді еске алды.

Осылайша, бүгінгі ұрпақ соғыс ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, олардың даңқты жолына тағзым етуді парыз санайды.

Abai.Media

Check Also

В области Абай продолжаются работы по вывозу снега и откачке талых вод

10.03.2026. По поручению акима области Абай Берика Уали в регионе системно проводятся работы по вывозу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *