Бесқарағай ауданында жолдар жөнделіп жатыр

21.04.2025. Бесқарағай ауданында облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта Малая-Владимировка мен Қарағайлы ауылдарын жалғайтын 13 шақырым жолға асфальт төсеу басталды.

Жақында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев пен аудандық мәслихаттың төрайымы Мейрамгүл Абылғазинова жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге барып, атқарылып жатқан істің барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстың кестеге сай жүруі мен сапа стандарттарына сәйкес болуын бақылауға алды.

Сондай-ақ, биыл «Семей–Бесқарағай–Долон» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың 5 шақырымына асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл жобалар облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы іске асырылуда.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Аким области раскритиковал качество медицинских объектов, построенных в селах

Сегодня под председательством главы региона Берика Уали состоялось расширенное аппаратное совещание. На заседании, в котором …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *