Өскеменде жоғары оқу орнының студенті түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды

10.04.2025. Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын студент түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды.

8 сәуір күні Өскемен қаласының №17 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің кинологы сержант Темірбек Губайдуллин «Тор» есімді қызметтік итімен белгілі бір аумақты патрульдеу барысында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған М. азаматын ұстады.

Тексеріс барысында ер азамат түрме ауласына «Sumsung», «Huawei» және «Oppo» маркалы алты ұялы телефон кіргізбек болған. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында 2005 жылы туған Өскемен қаласындағы ЖОО-ның бірінің студенті екені белгілі болды. Қаладағы университеттің 3 курс студенті бұл қадамға ақшалай сыйақы үшін барғандығын баяндады. Сондай-ақ оның телефондарды кімге бермекші болғаны анықталды. Ұсталған азаматтың тыйым салынған заттары жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, күзет бөліміне тапсырылды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

В Усть-Каменогорске гвардейцы встретились с известным писателем

16.04.2025. Гвардейцы воинской части 5518 регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии смогли пообщаться с известным восточноказахстанским …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *