17.02.2025. Семейде №9 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілеріне арналған әскери – спорттық жарыс өткізілді.
Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға Семей қаласының жалпы білім беретін мектептерінен барлығы тоғыз команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай әскери-патриоттық шараларды жиі өткізіп тұрудың маңызы өте зор.
— Бүгінгі жарысқа 5-6-7 сынып оқушылары қатысып отыр. Біздің мақсатымыз – олардың білімдерін толықтырып, әскери-патриоттық сезімдерін ояту. Осы арқылы олардың жігерін жанып, рухын оятып, отансүйгіштікке баулу. Бұл іс-шаралар жастарымызды кәсіби бағыттауға, әскери мамандарымыздың сабын толықтыруға септігін тигізеді деп сенеміз, — дейді Семей қаласы №9 жалпы орта білім берін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық пәнінің оқытушы
ұйымдастырушысы запастағы капитан Серік Хабаев.
Көп ішінен іріктеліп алынған үздіктер автоматты толық емес шашып, жинау, қорғаныш құралдарын уақытқа кию, нысана көздеу сынды әскери-эстафеталық сайыстар бойынша бақ сынады. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатқа ие болады. 1-орынды Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 2-орынды №28 жалпы орта білім беретін мектебі, 3-орынды №9 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді. Барлық жеңімпаздар Кубоктармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі