ШҚО-да түзеу мекемесіне ерекше тыйым салынған заттарды өткізбек болған ер адам ұсталды

14.02.2025. Шығыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ҚАЖК-ге қарасты №18 мекемесінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің қарауыл қызметінің сақшылары түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Мекеме аумағына жақын жерде қара түсті пакет ұстаған 41 жастағы ер адам құрықталды. Тексеру кезінде оның ішінде ерекше құрылғы табылды: скотчпен мықтап оралған электродқа шағын қорапшалар бекітілген. Әсіресе электродтың басына орнатылған шағын шам (фонарь) назар аудартты. Ұсталған азаматтың айтуынша, бұл шам “сәлемдеменің” қардың арасында жоғалып кетпеуіне көмектесу керек болған. Алайда бұл айла іске аспады. Тыйым салынған заттардың ішінен

Тропикамид препараттарының қаптамалары байқалды. Толық тексеріс барысында Тропикамидтен бөлек, телефон, ерекше иісі бар жасыл түсті шөп, белгісіз таблеткалар және ойын карталары табылды. 41 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Check Also

1 июня в честь Дня защиты детей в воинской части 5511 Национальной гвардии Республики Казахстан прошёл праздничный День открытых дверей

02.06.2025. Мероприятие состоялось при поддержке маслихата Абайской области и партии «Аманат». В празднике приняли участие …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *