Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті

11.02.2025. Семей қаласында классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылуына қала әкімі Талғат Мұратов қатысты. Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев қала әкіміне спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Ұлттық Пауэрлифтинг Федерациясының төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Чемпионатқа 80 спортшы қатысты. IPF ережесіне сәйкес классикалық пауэрлифтингтен 4 спортшыға және жатып штанга көтеруден 1 спортшыға спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді.

Бұл чемпионат тек үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік емес, сонымен қатар қиындықтарға қарамастан үздік нәтижелерге жету үшін табанды еңбек етіп жүргендерге қолдау көрсету. Біз жас спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және қаламыз бен облысымызда спорттың дамуын одан әрі қолдаймыз

деді қала әкімі.

Турнир барысында 3 дүркін Азия чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Петр Мельниковқа қала әкімі пауэрлифтингке арналған тізе қап табыс етті. Спортшы балалар үйінің тәрбиеленушісі, чемпионатта 74 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында өнер көрсетіп, облыс чемпионы атанды.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталары мен медальдарымен марапатталды.

Abay.Semey.press

Check Also

1 июня в честь Дня защиты детей в воинской части 5511 Национальной гвардии Республики Казахстан прошёл праздничный День открытых дверей

02.06.2025. Мероприятие состоялось при поддержке маслихата Абайской области и партии «Аманат». В празднике приняли участие …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *