Шақаман ауылының көшелері жарықтандырылуда

04.02.2025. Жаңасемей ауданының Шақаман ауылында елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Ауылдағы К. Ахметов көшесінің 1600 метр жеріне заманауи шамдар орнатылып, іске қосылды.

Егер бұрын жарықтың жоқтығы ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырса, енді олар ол қиыншылықтан құтылды. Бұл әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін қуанышты жайт болды.

Ауданда бұдан бөлек Абыралы, Ақбұлақ және Алғабас ауылдарында көше жарығын орнату жоспарланып отыр. Ал, Шүлбі кенті мен Озерки, Қайнар, Бөкенші, Абыралы ауылдарының көшелерінің жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Abay.Semey.press

Check Also

Лучшие снайперы определены в сухопутных войсках

04.09.2025. Военнослужащие регионального командования «Восток» вернулись с призовым местом в конкурсе снайперов Сухопутных войск РК, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *