Ақсуат ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізетін 1 аудандық және 9 мобильдік топ жұмыс істеуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Дүкен иелеріне атқарушы билік органдарымен арада жасалған меморандумда көрсетілген талаптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмысты үнемі жүргізіледі.

Бүгінде сауда дүкендері иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне үстемені 15 пайыздан асырмау туралы екі жақты 92 меморандум жасалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында жыл бойы жәрмеңке өткізілді. Былтыр 18 жәрмеңке өткізіліп, жергілікті жерде өндірілген өнімдер халыққа қолжетімді бағада ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның тауар өңдірушілері екі мәрте Семей қаласындағы «Северный» сауда базарындағы жәрмеңкеге қатысып, сиыр, қой, жылқы етін бекітілген бағада саудалады.

Шағын және орта бизнес те дамып келеді. 2024 жылы ауданда 8 жаңа шағын бизнес нысаны іске қосылды. «Ағайынды» сауда үйі, «Қамбар» мини-маркеті, «Дос» мейрамханасы, Құмкөл ауылынан «Кенжеғали» мини-маркеті сияқты бірнеше нысан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Abay.Semey.press

Check Also

Прошло 9 лет с момента теракта на воинскую часть Национальной гвардии в Актобе

05.06.2025. Подвиг не забыт: в бригаде Нацональной гвардии города Семей почтили память павших солдат. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *